Іс-шара2026 жылғы 14 қыркүйек

AISteppeTechHack хакатонының қорытындысы

CyberSteppe конференциясында командалар бір күнде AI-жобаларды әзірлеп, оларды қазылар алқасына ұсынды. Жеңімпаздар — Sandwich, ProGen және «Гонконг».

1 000 000 ₸сыйлық қоры1 күнжобағаMini-MBABGA гранты
AISteppeTechHack хакатонының қатысушылары

MSSP.Global компаниясы ұйымдастырған CyberSteppe конференциясы аясында біз AISteppeTechHack хакатонын өткіздік. Қатысушылар бір күнде AI-жобаларды әзірлеп, оларды қазылар алқасына ұсынды. Хакатон Alem.AI алаңында Business Growth Academy-мен бірлесіп өтті; жалпы сыйлық қоры — 1 000 000 теңге.

Жеңімпаздар

  • 1-орын — Sandwich
  • 2-орын — ProGen
  • 3-орын — «Гонконг»
  • Business Growth Academy-ден Mini-MBA оқуына грант — Bahandi Team командасы

Хакатон демеушісі — Медет Тұрин, 2600 Qazaqstan негізін қалаушы, ЕҚЫҰ-ның ҚР-дағы киберқылмыс жөніндегі ұлттық сарапшысы.

Қазылар алқасы

  • Әлмира Қазкенова — трекер, Head of MedVentures
  • Бауыржан Мұқанов — TTC бұлттық сервистері жөніндегі басқарушы директор
  • Маржан Жұмабекова — BGA бас директоры
  • Жанар Сабазова — Steppe Tech Lab CEO-сы

MSSP.Global, Alem.AI, Palo Alto Networks және Business Growth Academy-ге, сондай-ақ қолдау көрсеткен Астана әкімдігіне, Astana Innovations және Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіне алғыс айтамыз.

Мұны да оқыңыз
ЖаңалықSteppeTechLab — Startup World Cup Uzbekistan 2026 финалындаЖаңалықWomen in Tech Kazakhstan: Steppe Tech Lab — Startup World Cup 15 финалистінің біріЖаңалықSteppe Tech Lab — Startup World Cup Uzbekistan 2026 финалында
Telegram